Умитин узилмесин Айкын Толепберген



Здесь можно прочитать текст песни Умитин узилмесин - Айкын Толепберген. Стихи и песня онлайн.

Автор: Айкын Толепберген

Название песни: Умитин узилмесин

Текст просмотрен: 1446


Другие песни исполнителя Айкын Толепберген


Текст песни:

Қиялдап отыр едім,қияға әкеттің алыс,
Бірге едік,кеше біздер,ал бүгін отырмын жалғыз.
Болсын деп бәрі жақсы,жанымды жалын басты,
Өмірдің сәні кетіп,қалай ғана мәні қашты
Соңғы кездері қоңырау шалсам да алмайтының
Жолдаған хатыма да жауабыңды жазбайтының
Үміттің болмайтынын ,бақыттың балдай күнін
Өзіңнің құшағымда білуші едім солмайтынын
Сағынып сені күзде жапырақ жүрек сарғайды
Көңілім құс боп ұшып,үмітім көкке самғайды
Күн өтер байқалмайды,өткенді қайтармайды
Тек көңілімнен кетер емес жойылып бұл қайғы.
Бұл тағдыр қалауы ма,азаптың жолы ме екен
Сен жылуда бол,ал мен аязда тоңып өтем
Бәйтерек болып Астанада жолыңды күзетіп
Арайлы Алматыдан өзіңді іздеп,шолып өтем
Сезімім ақтарылып,жан сырымды ұғыншы сен
Ән жырымды,
Ғашығым жанымды көлді етесің,шөлдетесің
тәтті оймен тербетесің
Осылай күн өтеді
Әр күнім бір ертегі
Жауынмен араласып көңілімді түнертеді
Жанымды мың өртеді,өзгелер күлер тегі
Әттең арулар осы жігіт жайын білер ма еді?
Ұнатсаң сүйдім дейді,жылатсаң күйдім дейді
Махаббат қиындықсыз ешкімді де сүйдірмейді
Басында күнім дейді,соңында тілімдейді
Бұл махаббат шын ғашық екеніңді білдірмейді
Отырмын өзіңді аңсап жанарыңды елерге салып
Жаныма жабырқаулы жаным-ау келмесің анық
Жанымды бір жылатып,мұздатып,бір суытып
Аласың от кеудемнен жан-тәнімді мың суырып
Махаббат күю деген,шектелмес сүюменен
Бағала деген ұлы Абайдың сөзін түю деген
Байқасам осындайда,бақытың таусылмайды
Шын ғашық бірін-бірі бағаламай қосылмайды
Сезімім ақтарылып,жан сырымды ұғыншы сен
Ән жырымды,
Ғашығым жанымды көлді етесің,шөлдетесің
тәтті оймен тербетесің
Кім білсін әр ақ таңда мені ойлап көз ілмессің
Сен менің жанарымда тұңғиық көзімдейсің
Сен менің айда толған әр әнімнің сөзіндейсің
Сен менің жадымда,қиялымда үзілмейсің
Ешқашан өміріңде нәзік жаның езілмесін
Жанарыңнан жабырқаған тамшы жас төгілмесін
Ақ жарқын көңіліңе еш қаяу түсірмесін
Ең бастысы үмітің үзілмесін


Возможно, вам понравятся также:

Комментарии:

Добавить комментарий